1.11.2026, 14:30
Оқылды: 71

Ұлттық тасымалдаушы №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» бағыты бойынша билеттерге 25% жеңілдік жариялады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ еліміздегі сұранысқа ие бағыттардың бірінде теміржол билеттеріне арнайы апталық жеңілдік ұсынады. 2026 жылғы 2-5 қараша аралығында №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға болады.

IMG_20261031_221353_282

Фото: PR_KTZh

Бұл ұсыныс жолаушыларға Астана мен Алматы қалалары арасында тиімді бағамен сапар шегуге мүмкіндік береді.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале