4.11.2026, 9:00
Оқылды: 22

«Атырау – Орал» автожолында орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» автомобиль жолының 189–249 шақырымдары аралығында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Учаскенің ұзындығы – 60 шақырым.

5426937667129122064

Бүгінге дейін жолдың ескі жабынын жону және ірі түйіршікті асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары толық аяқталып, 60 шақырымды қамтыды. Ал ұсақ түйіршікті асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары 33 шақырымда орындалды.

Сонымен қатар жол негізін суық жону әдісімен нығайту жұмыстары 20 шақырымда жүргізіліп, жол жиектерін нығайту жұмыстары 10 шақырымда атқарылды.

Құрылысқа 49 бірлік арнайы техника мен 47 маман жұмылдырылған.

5426937667129122066

Жұмыстардың нәтижесінде автожолдың техникалық жағдайы жақсарып, жол қозғалысының қауіпсіздігі артады және жүргізушілер үшін қолайлы жағдай жасалады.

QazAvtoJol

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале