Enbek.kz Электрондық еңбек биржасының бірыңғай цифрлық платформасында Павлодар және Маңғыстау облыстарында «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба азаматтарға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен алдын ала әрі жеке қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды.

Сурет: gov.kz
Қатысушыларға білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары мен қалауын ескере отырып, лайықты бос жұмыс орындары ұсынылады. Сондай-ақ оқуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысты кеңестер беріліп, жұмысқа орналасу жөніндегі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект көмекшісі қолжетімді.
Енді пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Цифрлық жұмыспен қамту қызметінен келетін хабарламалар Aitu ұлттық мессенджері арқылы да жіберіледі. Бұл – жұмысқа орналасуға қатысты қолдау шаралары туралы ақпарат алудың қосымша арнасы.
Enbek.kz-тің Aitu желісіндегі ресми аккаунты тексеруден өтіп, арнайы растау белгісін алды. Бұл белгі пайдаланушыларға хабарламаның шынымен Enbek.kz-тен келгеніне көз жеткізуге және ресми аккаунтты атауы ұқсас басқа парақшалардан ажыратуға көмектеседі.