6.11.2026, 18:00
Оқылды: 5

Батыс Қазақстанда орман ағаштарының оталып жатқаны рас па

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған ауылдық округі аумағында орман ағаштарының оталып жатқаны жөнінде бейнежазба таралды.

b3e
Сурет: Kazinform

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, Ұзынкөл мен Барбастау елді мекендері арасындағы төрт-бес тоғай белдеуі түгелдей алынып тасталған. Ішінде адамдар жемісін теретін қарақат бұталары да бар.

Осы мәселеге орай Kazinform тілшісі тиісті мекемелерге хабарласқан еді.
Шаған ауылдық округінің әкімі Ербол Исеевтің мәлімдеуінше, «Көбенсай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2021 жылы құрылған. 2024 жылдан бері Шаған ауылдық округінің аумағында 575 гектар жерде өсімдік шаруашылығымен айналысады. Көпжылдық шөп, судан, сорго өсіреді.

— Қазіргі кезде көкөніс, бау-бақша өнімдерін өндіру және мал шаруашылығы үшін азықтық дақылдар өсіру жобасын жүзеге асыруда. Соған сәйкес ауыл шаруашылығы жерін өздігінен өскен ағаштардан тазарту жұмыстарын жүргізуде, — деді Е.Исеев.

Теректі ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайыржан Есетовтің нақтылауынша, «Өсімдіктер дүниесі туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес жеке меншіктегі жерлерде өсетін өсімдіктерді заңнамаға сәйкес жекеменшік субъектілері пайдалана алады. Яғни өз жерінде өскен ағаштарды отай ма, пайдалана ма, өздері біледі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале