6.11.2026, 17:05
Оқылды: 24

БҚО-да әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз өсірген 147 кәсіпкер айыппұл төледі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру - Батыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (бұдан әрі-Департамент) басым бағыттарының бірі болып табылады.

жп дүкен (2)

Бұл жұмыс бағыты кәсіби субъектілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сауда үстемесінің мөлшерін сақтау қажеттігі туралы ақпарат беруді де, заңнамада белгіленген 15% үстемеақы мөлшерін асырған бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды да қамтиды.

Атап айтқанда, 2026 жылдың өткен кезеңінде Департамент Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабы бойынша 147 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы сомасы 2 млн 249 мың теңге әкімшілік айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартты.

картоп

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың жалпы санынан (147) 95-і шағын бизнес субъектілері («үй жанындағы дүкендер»), 46-сы көтерме сауда компаниялары және 6-сы сауда желілері.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік субъектілері көкөністер (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз), С1 санатындағы жұмыртқа, қарақұмық жармасы, қант, тұз және әлеуметтік тауарлар тізбесіндегі басқа да позициялар сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сауда үстемесін асыру фактілеріне жол берген.

Департаменттің құзыретіне сауда объектілерінің тауар бағасын тенгемен көрсетпей сатуы және витринада көрсетілген тауар бағасының кассада соғылған бағаға сәйкес келмеуі фактілері бойынша жоғарыда аталған Кодекстің 193-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғау да кіреді. Аталған бапқа сәйкес 16 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 730 мың 925 теңге сомасында айыппұл салынды.

Осыған байланысты Департамент сауда объектілерінің басшылығына сауда қызметін жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарын міндетті түрде сақтау қажеттігін еске салады.

Батыс Қазақстан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале