6.11.2026, 20:00
Оқылды: 16

Әсем Орынбай әлем чемпионатында үздік бестікке еніп, Қазақстанға алғашқы Олимпиада жолдамасын әкелді

Қазақстан құрамасының өкілі Әсем Орынбай Катардың Доха қаласында өтіп жатқан стенд атудан әлем чемпионатында үздік бес спортшының қатарына қосылып, елімізге алғашқы Олимпиада жолдамасын сыйлады, деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

IMG_20261106_184442_832_edit_22966623612747

Фото: DRSQazaqstan

Шешуші кезеңде спортшымыз 24 нысананың 20-сын дәл көздеп, бесінші орынға тұрақтады.

​Байқауда қытайлық спортшылар Итин Цзян мен Че Юфэй тиісінше бірінші және екінші орындарды өзара бөліссе, Словакия өкілі Моника Стибрава үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Әсем Орынбай – Азия ойындарының чемпионы әрі ұлттық құраманың көшбасшысы.

Дохадағы жарыс 14 қарашаға дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале