9.11.2026, 15:00
Оқылды: 2

Оралда мыңнан астам дозаға тең синтетикалық есірткі тәркіленді

Оралда 442 грамм синтетикалық есірткі тәркіленіп, күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Screenshot_20261109_130220

Сурет: Polisia.kz

"Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Орал қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Жедел іс-шараны полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп жүргізді. Жеке тінту кезінде әйелден iPhone 15 Pro Max телефоны тәркіленді.

Сөмкесінен сары түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 25 zip-пакеті бар орама табылды. Сондай-ақ шалбарының қалтасынан әрқайсысында бес zip-пакеттен салынған тағы екі орама анықталды. Жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырған полицейлер қала көшелеріндегі есірткі жасырылған болуы мүмкін орындарды тексеріп, қосымша орамаларды тауып, тәркіледі.

Бұдан бөлек, күдікті жалдап тұрған пәтерді тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған пластик ыдыс, бес электронды таразы, зип-пакеттер, респиратор, резеңке қолғаптар, кеңсе пышағы және оқшаулағыш таспа тәркіленді. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың α-PVP синтетикалық есірткісі екенін растады. Оның жалпы салмағы 442 грамды құрады.

Бұл мыңнан астам бір реттік дозаға тең. Тергеу барысында күдіктінің 2026 жылдың сәуір айынан бастап есірткі таратумен айналысатын топта "қоймашы" қызметін атқарғаны анықталды. Оның міндетіне есірткі заттарын сақтау, оларды бөлшектеп орау және кейіннен жасырын орындарға орналастыру кірген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс материалдары соттың қарауына жолданды.

Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Өңірде есірткі қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале