Қазақстанда сәтті жұмыс істеп келе жатқан Отбасының цифрлық картасы бүгінде 6,2 миллионнан астам отбасын немесе шамамен 20,4 миллион адамды қамтып отыр, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Фото: enbekgovkz
Бұл цифрлық құрал отбасылардың нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың қажеттілігін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйе отбасының әл-ауқатын материалдық жағдайы мен өмірлік мән-жайлары бойынша саралайды. Бұл ретте жылжымайтын мүлік, көлік, жер учаскелері, кәсіпкерлік қызмет пен кредиттік жүктеме ескеріліп қана қоймай, отбасы мүшелерінің жасы, балалар мен денсаулығында ерекшелігі бар жандардың болуы қатаң назарға алынады. Жинақталған мәліметтер негізінде әрбір отбасыға жоғары, ауқатты, қанағаттанарлық, осал немесе экономикалық және әлеуметтік осал санаттары беріліп, бұл көрсеткіштер тұрақты түрде жаңартылып отырады.