Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының орталығында ауқымды жұмыстар басталды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Фото: zhaikpress.kz
Орал қаласында «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан тұрақтандыру қорынан сауда желілеріне жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін жеткізу жолға қойылды.
Бүгінде «Алтындар», «Анвар», «Дина» секілді танымал супермаркеттерді қоса алғанда, 54 сауда нүктесіне күн сайын 10 тонна картоп мен 2 тонна пияз жөнелтілуде. Тікелей қордан жеткізілген көкөністердің бағасы делдалдарды айналып өтіп, бөлшек саудада қолжетімді деңгейде сатылуда. Сондай-ақ желтоқсан айынан бастап қоймадағы сәбіз пен қырыққабатты жеткізу басталып, бұл шаралар 2027 жылдың мамыр айына дейін жалғасады.