20.04.2017, 16:21
Оқылды: 44

Ішкі істер департаментінің командасы озық шықты

«Динамо» дене шынықтыру қоғамының базасында құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен  армрестлинг және гір тасын көтеру спортынан жарыс өтті.


Халықаралық «EXPO-2017» көрмесі қарсаңында өткен шараның мақсаты – құқық қорғау қызметкерлерінің дене-күш жағынан дайындықтарын шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарысқа жалпы 46 қызметкерден құралған 8 команда қатысты.

Аталған шара барысында командалық есеп бойынша БҚО ІІД командасы жүлделі бірінші орынға ие болса, екінші жүлделі орын БҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне бұйырды. Ал үшінші орынды БҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті иеленді. Жеке есеп бойынша гір тасын көтеру бойынша төмендегідей орындар белгіленді.

Гір тасын көтеруден 65 келілік салмақ дәрежесінде облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкері Д.Исламбеков, 65 келіден жоғары салмақта БҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері В.Фурманов топ жарып, жеңімпаз атанды.

Ал армрестлинг спорты бойынша 65 келілік салмақ дәрежесінде БҚО ІІД қызметкері М.Адиетов, 65 келіден жоғары салмақта БҚО ІІД қызметкері О.Ерғалиев иеленді.

Шара соңында барлық жүлдегерлерге алғыс хаттар мен медальдар және «Динамо» дене-шынықтыру қоғамы атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале