БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық сот үкімімен оралдық 52 жасар тұрғын Сергей Заика 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.
Сот талқысында белгілі болғанындай, С.Заика өз пәтерінде 12 ақпанға қараған түні таныстары - 35 жасар Атауовпен және Погодаевпен арақ ішкен. Үй иесі Атауовқа ұялы телефонын білдірмей алып кетіп, бірнеше рет еске салғаннан кейін ғана қайтарып бергенін айтып, оны тілдеген. Бұған шыдамаған Атауов Заиканың бетінен ұрған. Сол кезде үй иесі пышақты алып, қарсыласының тамақ тұсынан жұмсаған. Марқұм сол жерде жан тапсырған.
Міне, арақ ішудің соңы осылайша қайғылы аяқталды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот сонымен қатар Атауовтың туысқандарының пайдасына 1 млн. теңге моральдық залалды өтеді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
zhaikpress.kz