19.11.2026, 23:00
Оқылды: 0

Қазақстанда Республикалық қаржылық қауіпсіздік диктанты өтпек

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды Республикалық қаржылық қауіпсіздік диктантына қатысуға шақырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Screenshot_20261119_185408

Фото: afm_rk

Бұл бастама тұрғындардың несиелер мен инвестициялар туралы білімін жетілдіріп, заманауи алаяқтық әрекеттерден қорғану сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

​Диктант 2026 жылғы 23 қараша мен 4 желтоқсан аралығында afm2026.kz сайтында өткізіледі. Қатысушыларға қазақ немесе орыс тілдерінде 20 сұраққа жауап беру үшін 25 минут уақыт беріледі. Ауқымды шараға 6–11 сынып оқушылары, колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері, ересек тұрғындар және қаржылық мониторинг субъектілері қатыса алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале