ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды Республикалық қаржылық қауіпсіздік диктантына қатысуға шақырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Фото: afm_rk
Бұл бастама тұрғындардың несиелер мен инвестициялар туралы білімін жетілдіріп, заманауи алаяқтық әрекеттерден қорғану сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Диктант 2026 жылғы 23 қараша мен 4 желтоқсан аралығында afm2026.kz сайтында өткізіледі. Қатысушыларға қазақ немесе орыс тілдерінде 20 сұраққа жауап беру үшін 25 минут уақыт беріледі. Ауқымды шараға 6–11 сынып оқушылары, колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері, ересек тұрғындар және қаржылық мониторинг субъектілері қатыса алады.