Оралда футболдан Қазақстан кубогы үшін «Ақжайық» пен «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесудің басталар алдында Құрманғазы мен М.Мәметова көшелерінің қиылысында екі топқа бөлінген жастар (қос клуб фанаттары) бір-бірімен сөзге келіп, қақтығысып қалған болатын.
БҚО ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнында 15 адам ұсталып, Абай полиция бөліміне жеткізілген. Ұрып-соғу дерегі жөнінде облыстық аурухананың жарақат пункті мен Абай полиция бөліміне ешкім жүгінбеген.
Дегенмен болған оқиғаның жай-жапсарын толық тексеру, қақтығысқа қатысқан басқа да кісілерді анықтау мақсатында аталған дерек ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлімі 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Қазіргі кезде Орал қалалық ішкі істер басқармасына қатысты Абай полиция бөлімінің тергеу бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.
zhaikpress.kz