25.11.2026, 10:30
Оқылды: 27

Мерей “Қара бурамен” белдесті

Ақтөбеде қазақ күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатында сырымдық балуан, Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Мерей Бердіғали +100 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

IMG_5626

Жарыс барысында жерлесіміз бірқатар мықты қарсыластармен белдесіп, жоғары деңгейдегі күрес көрсетті. Мерей биылғы «Қазақстан барысы» турнирінің 4-орын иегері Алмаз Жұмағали мен Қызылорда мықтысы Нұрым Сәлімгерейді жарыс жолынан шығарды. Сондай-ақ Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, тәжірибелі Алтынбек Аусағитовты бірінші айналымда жеңді. - деп жазады спорт журналисті Түгелбай Бисенов.

Бұл чемпионат Мерейдің спорттық мансабы үшін ерекше мүмкіндіктер туды. Соның бірі - «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғаповпен белдесуі. Нұрдәулет - қазақ күресінен тұңғыш Әлем чемпионы. Мерей “Қара бураға” лайықты қарсылас бола білді, алайда есе жіберді.
Айта кетейік, Мерейге күрес әліппесін үйреткен ұстазы, бапкері - Айбол Оразғалиев. Балуанның өзі қазіргі таңда А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еңбек етеді.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале