Биыл Орал қаласында жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жоба аясындағы үш ірі жоба жүзеге асты.

Жалпы құны 6,1 млрд теңгені құрайтын жобалар аясында ТМ-6 және ТМ-7 жылу магистральдары, сондай-ақ «Құрылысшы» шағынауданындағы ішкі орамдық желілер жаңартылды.
Нәтижесінде жылдар бойы пайдаланылып, тозу деңгейі жоғарылаған жылу құбырлары заманауи желілермен алмастырылды. Бұл мыңдаған тұрғынды жылу және ыстық сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жылу жүйесін жаңғырту – қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы маңызды жұмыстардың бірі.
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Суреттер: Видеодан скрин