Сырым ауданынан БҚО «Дін істері мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары, теолог маман Абдувахид Бабаханов аудан ардагерлерімен кездесіп, діни ахуал, жастар тәрбиесі бағытында әңгіме-кеңес өткізді.

Кездесуде Абдувахид Абытханұлы негізгі мақсаты туралы түсіндіріп, елдегі жағдай, діни мәселенің хал-ахуалы жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Кездесуде ардагерлер көкейде жүрген сауалдарын ортаға салып, ой-пікірлерін айтты.
Ең бастысы әлеуметтік желідегі діни мазмұндағы хабарларды қабылдауда өте сақтық қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ жастармен жұмыс, тәрбие мәселесі де үнемі назарда болуы тиістігі әңгіменің басты тақырыбы болды.
Мүсірбек Айташев,
Сырым ауданы