26.11.2026, 9:45
Оқылды: 41

Қытайлық компанияның марапатына ие болды

Қытайдың Шанхай қаласында халықаралық Bauma CHINA 2026 көрмесі өтуде. Бұл - құрылыс, жол-құрылыс және тау-кен техникасы, құрылыс материалдарын өндіруге арналған жабдықтар мен арнайы көлік құралдарының халықаралық көрмесі. Аталмыш көрме аясында XCMG компаниясының «Жарқын болашақ үшін жасыл интеллект» (“Green Intelligence for Solid Future” ) атты форумы өтті. Бұл форумға 30 елден 1200-дей ірі ресми дилер мен сатып алушы шақырылған. Солардың қатарында өңіріміздегі іргелі жол-құрылыс жобаларын жүзеге асырып жатқан “Приоритет” компаниясының директоры Жанна Тәжғұлқызы бар.

WhatsApp Image 2026-11-26 at 10.39.51

- Форумға қазақстандық серіктесіміз Almaty Brands компаниясының директоры Қанат Бейсембиннің және XCMG-дің Азия бойынша менеджері Қайнар мырзаның қолдауымен қатыстық. Біздің компаниямыздың тарихы осы XCMG компаниясынан алынған жеті тонналық каток және экскаватормен басталған болатын. Бүгін форум барысында сол ұзақ жылғы серіктестігіміздің құрметіне компания президенті Ян Дуншен мырзаның қолынан қазақстандық делегацияның ішінен тек біз ғана “Алтын тұтынушы” марапатын алдық. Бұл - біз үшін мәртебе, алдағы дамуымызға тың серпін береді. Бүгінгі көрмеге жаңа технологиялармен жабдықталған, заманауи техникалардың жүздеген түрі қойылған. Әрқайсысымен танысып, көріп жатырмыз,- дейді Жанна Тәжғұл.

WhatsApp Image 2026-11-26 at 09.00.42 (2)
Айта кетейік, осы жылғы құрылыс науқанында приоритеттік жолшылар халық асыға күткен қос нысан - республикалық маңызы бар “Подстепное-Теректі-РФ шекарасы” автожолының 72-108 шақырымында қайта жаңғырту және “Атырау-Орал” тасжолының 372-492 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады.

WhatsApp Image 2026-11-26 at 09.00.42

Компания жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтау үшін соңғы жылдары технопаркін жаңартуға айрықша көңіл бөліп отыр.

Компанияның баспасөз хатшысы

WhatsApp Image 2026-11-26 at 09.00.42 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале