29.11.2026, 16:35
Оқылды: 31

Қошанкөлдегі сайлау учаскесінде отбасымен дауыс бергендер қатары артуда

Қазталов ауданы Қошанкөл ауылындағы №232 сайлау учаскесінде отбасымен келіп дауыс беретін тұрғындар қатары артып келеді.

image-29-11-26-04-12

Солардың бірі — учаскеге отбасы мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауын жасаған Серікқали Абрахманов. Ел өміріндегі маңызды науқанға әулетімен қатысқан азаматтар қоғамдық белсенділік танытып, кейінгі буынға жауапкершілік үлгісін көрсетті.

Қазіргі уақытта сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі жалғасуда, ауыл тұрғындары белгіленген тәртіпке сәйкес өз таңдауларын жасап жатыр.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале