29.11.2026, 18:20
Оқылды: 25

Сырым ауданында 96 жастағы қария дауыс берді

Батыс Қазақстан облысындағы жасы үлкен сайлаушылардың бірі Сырым ауданында тұрады. 
IMG_5734
Сапар Хасанов - Бұлан ауылдық округі Жамбыл ауылының тұрғыны. Жасы 96- а.
Бұған дейін Сапар қарт туралы газетке жаздық: “Отан от ортасында қалғанда ауылдағы аналарға жәрдемші болған бала, Жеңіс жылнамасын маңдай терімен жазған жан” деп тарихи анықтамасын бердік.
Бүгін Сапар ата дауысын үйден берді.  №295 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері апарған жәшікке бюллетеньді өз қолымен салды.
Б. Шерім,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале