29.11.2026, 18:40
Оқылды: 24

Сырым ауданында 99 жастағы кейуана дауыс берді

Тағы бір жасы үлкен сайлаушы Сырым ауданы Бұлан ауылдық округінің тұрғыны - Халима Мұхамбетжанова. 
WhatsApp Image 2026-11-29 at 19.09.20
Кейуананың жасы 99 - да. 1941 жылы соғыс басталған кезде Халима анамыз 14 жаста болған. Заман оны ерте есейтті. Қыз болып, қызық қуу қайда?! Өгізді қосарлап жегіп, жер жыртты. Түнде шам жарығымен  шұлық-қолғап тоқып, майданға көмек жіберді. Дүниеге он перзент әкеліп, оларды тәрбиелеп, өсірді.
Қарияның дауысын N294 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қабылдады.
Б. Шерім,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале