29.11.2026, 17:25
Оқылды: 28

Жәнібекте спорт саласының өкілдері де өз таңдауын жасады

Жәнібек ауданында ел болашағы мен қоғам дамуына бейжай қарамайтын азаматтардың қатарында спорт саласының өкілдері де бар.

PHOTO-2026-11-29-16-56-06

Бүгінгі саяси науқаннан спортшылар мен оларды тәрбиелеп жүрген жаттықтырушылар да шет қалмады. Атап айтқанда, дзюдо үйірмесінің жаттықтырушылары Нұрсылтан Абуов пен Дарын Мусаев, бокс тобының жаттықтырушысы Нұрбек Орынбаев және футбол жаттықтырушысы Аманжол Есенов өз таңдауларын жасап, дауыс беру учаскесіне келді.

PHOTO-2026-11-29-16-56-04

Жас ұрпаққа тәрбие беріп, спорт арқылы тәртіп пен жауапкершілікті насихаттап жүрген мамандар бұл күні азаматтық ұстанымдарын да білдірді. Олардың сайлауға қатысуы - ел өміріндегі маңызды науқанға ортақ жауапкершілікпен қараудың көрінісі.

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале