29.11.2026, 20:00
Оқылды: 4

БҚО-да сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті.

e35a0cd6-d89d-4258-b95e-7bce31fc8347

Фото: Мәди Салық

Күні бойы дауыс беру барысын қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бақылап отырды. Олардың бағалауынша, сайлау процесі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп, азаматтардың құқықтары сақталды.

«Жария» тәуелсіз қоғамдық бірлестігінің бақылаушысы Амантай Садықов сайлаушылардың жоғары белсенділігін және сайлау учаскесінің жақсы дайындығын атап өтті.

«Бұл учаскеде сайлаушылардың, әсіресе жастардың белсенділігі жоғары. Сайлауға дайындық жақсы жүргізілген, барлығы тыныш өтуде. Мен жеті жылдан бері «Жария» тәуелсіз қоғамдық бірлестігінің атынан бақылаушы болып келемін. Біз дауыс беруге келген азаматтардың санын өзіміз есептеп, кейін мәліметтерді қалалық аумақтық сайлау комиссиясының деректерімен салыстырамыз. Сайлаудың әділ өтуін бақылау үшін өз еркімізбен келдік», – деді Амантай Садықов.

«Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының өкілдері де дауыс берудің ұйымдастырылуына оң баға берді. №230 сайлау учаскесінде бақылау жүргізген Әсел Меңдібаева сайлаушылардың құқықтарын сақтау мен сайлау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде №44 сайлау учаскесінде бақылаушы болған Жанар Сарбупина дауыс берудің тыныш жағдайда өткенін, комиссияның белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс жүргізгенін және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері байқалмағанын атап өтті.

Бақылаушылар өздерінің басты міндеті – дауыс беру барысына объективті бақылау жүргізу және заңнама талаптарының сақталуын қадағалау екенін жеткізді. Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін де олар дауыстарды санау рәсімін бақылауды жалғастыруда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале