Жаңақала ауданындағы №127 сайлау учаскесінде ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық құндылықтарды айшықтаған тағылымды көрініс орын алды.

Ауылға сыйлы Бақтығұловтар әулеті саяси науқанға бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Үлкеннің өнегесін алған жастар мен ел тыныштығын тілеген ата-ананың ортақ іске жұмыла қатысуы туған өлкенің болашағына деген жауапкершіліктің айқын дәлелі болды.
Таңсәріден басталған науқанда учаске ішінде ұлттық әуендер ойнап, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлауда.
Қазіргі уақытқа дейін дауыс беру барысында ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ.
Айгерім Төлепова,
Жаңақала ауданы