Жәнібек ауданындағы №136 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындардың белсенділігі көңіл қуантады.

Ақ сақалды қариялардан бастап, жас отбасылар мен бүлдіршіндерін ерте келген ата-аналарға дейін әр буын өкілдері маңызды науқаннан тыс қалмай, өз таңдауын жасауда.

Бірі өмірдің талай белесін өткерген қария, бірі ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас, енді бірі ата-анасының жанында жүріп, үлкендердің азаматтық белсенділігін көріп өскен балақай.

Әр жастағы тұрғынның бір учаскеде тоғысуы елдік іске деген ортақ құрметтің белгісіндей. Өйткені ел болашағына қатысты таңдаудың мәні де, маңызы да бөлек.
Элиза Болат,
Жәнібек ауданы