Орал қаласының тұрғыны, 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Константин Кочережкин мәслихат депутаттарының сайлауында үйінен дауыс берді.

Талай тарихи кезеңнің куәсі болған майдангер бейбіт өмірде теміржол саласында еңбек еткен. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен қария өзінің өмір жолын еске алып, саяси науқанның маңызына тоқталды.
– Кезінде мен де қалалық кеңестің депутаты болдым. Депутат – халық қалаулысы, ол елге қызмет етуі тиіс. Сондықтан болашақ депутаттар азаматтардың талабы мен сенімінен шыға білгені жөн, – деді ардагер.
№488 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері майдангердің шаңырағына арнайы барып, өз таңдауын жасауына жағдай жасады. Комиссия мүшесі Шолпан Шахмухамедованың айтуынша, аталған учаскеде 2447 сайлаушы тіркелген, оның 14-і үйден дауыс беруге өтініш білдірген.
– Сағат 12:00-де үйден дауыс беретіндердің өтінішін қабылдап бітірдік. Ең алдымен ардагердің үйіне келдік. Бүгінгі науқанға тұрғындар белсенді қатысады деп сенемін, – деді Шолпан Шахмухамедова.
Ясипа Рабаева,
zhaikpress.kz