Қаратөбе ауданының орталығында орналасқан №277 сайлау учаскесінде сайлау науқаны белгіленген тәртіпке сай өтуде. Учаскеде сайлаушылардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған.
Сайлау учаскесінің мәліметінше, үйден дауыс беруге 5 азамат өтініш білдірген. Бұл мүмкіндік денсаулығына немесе өзге де заңды себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын тұрғындар үшін ұйымдастырылған.
Ал аудан бойынша үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру мақсатында учаскелік сайлау комиссияларына алдын ала 531 өтініш түскен. Әрбір өтініш бойынша тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп, заңнамаға сәйкес, өтініштерді қабылдау сайлау күні сағат 12:00-де аяқталған.
Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері өтініш білдірген азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барып, дауыс беру рәсімін заң талаптарына сай ұйымдастыруда.
Райымбек Абай,
Қаратөбе ауданы