29.11.2026, 18:35
Оқылды: 23

Сайқында сайлау күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Сайлау күні Бөкей ордасы ауданының орталығы - Сайқын ауылындағы "Береке" базары алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

IMG-20261129-WA0069

Сайлауға келген ағайын жолай жәрмеңкеге соғып, жоғын түгендеуде.

Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілер мен шаруашылық иелері өз өнімдерін тұрғындарға ұсынды. Сауда сөрелерінен ет және сүт өнімдері, көкөністер мен балықтар орын алған. Тұрғындар қажетті азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

IMG-20261129-WA0068
Мұндай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға, жергілікті өнімдердің саудасын дамытуға және халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.

IMG-20261129-WA0066

IMG-20261129-WA0063

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале