Тағы бір жасы үлкен сайлаушы Сырым ауданы Бұлан ауылдық округінің тұрғыны - Халима Мұхамбетжанова.
Кейуананың жасы 99 - да. 1941 жылы соғыс басталған кезде Халима анамыз 14 жаста болған. Заман оны ерте есейтті. Қыз болып, қызық қуу қайда?! Өгізді қосарлап жегіп, жер жыртты. Түнде шам жарығымен шұлық-қолғап тоқып, майданға көмек жіберді. Дүниеге он перзент әкеліп, оларды тәрбиелеп, өсірді.
Қарияның дауысын N294 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қабылдады.
Б. Шерім,
Сырым ауданы