29.11.2026, 18:50
Оқылды: 19

Әлемдік додада ел намысын қорғап жүрген жәнібектік спортшы сайлауға атсалысты

Әлемдік спорт додасында ел намысын қорғап, Жәнібек ауданының абыройын асқақтатып жүрген жерлесіміз, гір тасын көтеруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Самодьянов бүгін азаматтық белсенділігін де танытты.

image-29-11-26-06-35

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін Жақсыбай ауылынан ат терлетіп жеткен спортшы сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Биік белестерді бағындыру үшін табандылық пен жігер танытқан Серік Самодиянов ел өміріндегі маңызды науқаннан да шет қалмай, азаматтық ұстанымын білдіруі - жас спортшыларға да өнеге.

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале