Теректі ауданында өзінің жеке мерекесін маңызды саяси науқанмен ұштастырып, сайлау учаскесіне келген тұрғындар ерекше құрметке бөленді.

Юбилейный ауылындағы №368 сайлау учаскесіне жергілікті тұрғын Нұргүл Теміралиева дәл туған күнінде келіп, азаматтық таңдауын жасады. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы туған күн иесін құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

Дәл осындай жарқын сәт Ақжайық ауылдық округіндегі №350 сайлау учаскесінде де тіркелді. Мұнда «Айгөлек» бөбекжайының шаруашылық ісі меңгерушісі Нағима Бекмағамбетова өз туған күнінде дауыс беріп, көпшілікке үлгі көрсетті.

Ал Покатиловка ауылының тұрғыны Гүлмира Киндербаева үшін де бұл күн қос қуанышпен есте қалмақ. №386 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған туған күн иесін ауылдастары жаппай құттықтап, ақ тілектерін арнады.
Қаламқас Саясатова,
Теректі ауданы