26.04.2017, 11:08
Оқылды: 58

Жәнібекте 225 бас мал сарып ауруына шалдыққан

Бұл туралы «Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы» МКК директорының міндетін атқарушы Біржан Ғұбашев хабарлады.


Оның ұсынған мәліметіне сәйкес, ауданда эпизоотияға қарсы іс-шаралардың, диагностикалық зерттеулердің 4 айлық жоспары бойынша 13959 бас ірі қара  мен 6306 ұсақ  малдан қан алынған.

Соның нәтижесінде 219 бас ірі қараның сарып ауруына шалдыққаны анықталып, оның 106-сы  арнайы мал сою орындарына жеткізіліп, жойылды.

Сондай-ақ 6 бас қой-ешкіден де осындай кесел табылғандығы тіркелді.

                                                                       Н.Өтей

Жәнібек ауданы

         zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале