28.04.2017, 11:24
Оқылды: 49

Қайырымдылық көмек көрсетілді

Орал қаласындағы Достық үйінде күні кеше Астана қаласында «Жаңғырудың негізі — тұрақтылық, бірлік, келісім атты Қазақстан Халық Ассамблеясының 25-сессиясының қорытындысын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.


Оған өңіріміздегі ұлттық мәдени бірлестіктердің мүшелері және басқа да қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді Қазақстан Халық Ассамблеясы облыстық бөлімшесінің атқарушы хатшылығының басшысы Ғ.Қапақов ашып, жүргізіп отырды. Ол жиналғандарға Астанадағы сессиядан алған әсері туралы кеңінен әңгімеледі. Содан кейін салтанатты жиынға қатысқан «Вайнах шешен ингуш ұлттық - мәдени орталығының» басшысы Данильбек Саратов,  Қазақстан Халық Ассамблеясы облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары В.Шохина, «Жайық Жылу Қуат» кәсіпорын директорының орынбасары В.Солодиловтар ой-пікірлерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің соңында «Мейірімді көктем» ізгілік науқаны аясында қолдауға мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, кейбіреулеріне ақшалай қаражат берілсе, қалғандарына іс тігу машинасы, түрлі түсті принтер және басқа жеке кәсіпке қажетті құрал-жабдықтар ұсынылды.

Сонымен бірге ұлттық мәдени орталықтардың белсенді басшылары мен өкілдері ақшалай сыйлық және мақтау грамоталарымен марапатталды.

 Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале