4.05.2017, 12:20
Оқылды: 59

Ақпараттық түсіндіру тобы Жаңақалада

Janakala zam akim Жаңақала ауданында «Жергілікті өзін-өзін басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын талқылау мақсатында үлкен жиналыс өтті. Жиналысқа облыс орталығынан арнайы ақпараттық-түсіндіру тобын бастап келген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаевамен қатар  жергілікті бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде төртінші деңгейдегі қаржыландыру мәселесі қаралды.


         Қарапайым әрі түсінікті қылып айтқанда, бізге осы кезге дейін республикалық, облыстық және аудандық бюджеттің болатыны белгілі болып келді. Бұл – үш деңгейлі қаржыландыру жүйесінің құрылымдары. Енді төртінші деңгей арқылы тұрғын саны 2 000 - нан асатын ауылдық округтердің де дербес бюджеті болады.

         Жаңа қаржыландыру, яғни дербес бюджет жүйесіне Жаңақала ауданы бойынша Жаңақазан, Мәстексай, Қызылоба, Пятимар және Жаңақала ауылдық округтері ілігіп отыр.

         Сондай-ақ жиналысқа ауылдық округ әкімдері, бухгалтерлер және  ауданның мемлекеттік қызметтегі тиісті өкілдері қатысты. Олар түсіндіруші топ құрамындағы мамандарға өздері тусінбеген мәселелерін айтып, пікір алмасты.

Н.ҒАББАС

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале