15.05.2017, 18:08
Оқылды: 48

Қаржы қатаң бақылауда

????????????????????????????????????

  Бүгін облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» комиссиясы мүшелері облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап көрді.


   Аталған комиссия мүшелері өңірімізде «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуына бақылау жасау мақсатында Деркөл және Сарытау шағын ауылдарындағы үш мектептің құрылыс барысымен танысты.

   Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Арман Өксікбаевтың сөзіне сүйенсек, биылғы жылы өңірімізге әлеуметтік нысандар салу мақсатына барлық қаржы көздерінен 5 миллиард 200 миллион қаржы бөлінген. Сол қаражат есебінен ағымдағы жылы алты білім ошағы бой көтермек. Оның сыртында екі мектеп әлеуметтік серіктестік арқылы «КПО б.в» компаниясының қаражаты есебінен салынбақ. Бөрлі ауданындағы Аралтал ауылына қоныстанған Березов ауылының тұрғындарына арнап 300 орындық мектеп және Ақжайық ауданының Шабдаржап ауылындағы апатты жағдайдағы мектеп бұзылып орнына жаңадан білім ошағы салынбақ.

   Биылғы жылы Ұлттық қордан бөлінген қаражатқа облыс орталығынан төрт мектеп салынып, 214 шақырымнан астам коммуналдық желілер және 12 шақырымнан астам ішкі жолдардар жөнделетін болады. Сондай-ақ екі көп пәтерлі және 14 бір пәтерлі тұрғын үй салынады деп жоспарлануда.

   Комиссия мүшелері Деркөл ауылынан бой көтеріп жатқан, әрқайсысы 600 оқушыға есептелген  екі мектептің құрылыс барысын көрді. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатқан мектептер құрылысының бірін «Алтим» ЖШС, екіншісін «Альтаир» ЖШС жүргізуде. Өткен жылдың соңында іргетасы қаланған мектептерде бүгінгі таңда жұмыс қызу жүргізіліп жатыр. Сарытау ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысын қаламыздағы «СВ плюс» ЖШС жүргізуде. Мердігер компаниялардың жетекшілері құрылыс барысын осындай қарқынмен жүргізіп, білім ошақтарын белгіленген мерзімнен бұрын бітіруге мүдделі екендіктерін айтты.

  Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале