16.05.2017, 15:32
Оқылды: 56

Рио Олимпиадасының жүлдегері Екатерина Ларионова емделу үстінде

Larionova     Әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова емделу үстінде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында әйелдер күресінен БҚО құрамасының аға бапкері Мұсабек Нарегеев мәлім етті.

      Оның айтуынша, өткен жылы Е.Ларионова жарақатына қарамастан, олимпиадаға жолдама алып, Рио төрінде табысты өнер көрсетіп, қола медальмен оралған болатын.


       «Оң жақ иығынан алған жарақаты мазалағаннан кейін ол емделуді жөн көрді. Германияда ота жасалып, ол сәтті өтті. Енді бәрі ойдағыдай болса, 2018 жылдан бастап жарысқа қосылады. Түпкі мақсат - Токио Олимпиадасына жолдама алу. Екатерина жүлде алып келгеннен кейін облыста қыздар күреске көптеп келе бастады. Оларды баптаумен бірге шыңдау үшін түрлі жарыстарға жиі қатыстыру да қажет», деді Мұсабек Нарегеев.

    Аталмыш брифингте 17-18 мамыр күндері Оралда еркін күрестен 2001-2003 жылғы жасөспірімдер арасында өтетін есімі елге белгілі жаттықтырушылар Амангелді Зұлқашев пен Өтеп Молдабековті еске алуға арналған халықаралық жарыс жайы да сөз болды. Еркін күрестен БҚО құрамасының бас бапкері Бақытжан Ибраевтың сөзіне қарағанда, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресейдің Орынбор, Самара, Тольятти қалаларынан, Дағыстан мен Кабардин-Балкар Республикаларынан 350-дей палуан қатыспақшы. Соның ішінде сексеннен астамы БҚО намысын қорғамақ.

zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале