Алматы қаласында өткен «Жеті өнер» І халықаралық балалар мен жастар шығармашылығы фестиваль-конкурсына ордалық Фариза Ғабділманапова мен Ильфат Ахметкереев (жетекшілері Азамат Зайноллин) жеңіс тұғырынан көрінді.
Қазақтың қара домбырасынан күй төгілткен Фариза бас жүлдені иеленсе, Ильфатқа бірінші орын бұйырды. Айта кетейік, қос домбырашы да облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегерлері.
Сондай-ақ аталмыш конкурста ән салған саралжындық өнерпаз Маралбек Шәріпқалидің де асығы алшысынан түсіп, бас жүлдені жеңіп алды. Маралбек бүгінде Қ.Сағырбаев атындағы орта мектеп-балабақшасының 3-сынып оқушысы. Жетекшісі Рауан Қуанышевтің айтуынша, жас өреннің өнерін белгілі әнші Сәкен Қалымов, басқа да қазылар алқасы мүшелері жоғары бағалапты.
Арайлым ӘЖІҒАЛИЕВА
Бөкей Ордасы ауданы
zhaikpress.kz