«Мейірімді көктем» акциясы аясында сырымдық жас әнші Нұртілеу Болат қаратөбеліктерге «Еркем» атты қайырымдылық кешін ұсынды.
Аталған кеште ерекше дауыстарымен көрерменді баураған Айдарбек Құлыбаев пен Ғауһар Құсайынова сынды жұптар әдемі әуенімен халықтың назарын өздеріне аудара білді.
- Жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оларға жан-жақты қамқорлық таныту, жүрек жылуы мен кең пейіліділікпен мейірімділік сыйлау парыз екендігін ұғындырған қайырымдылық кештен түскен қаражат қайырымдылық қорына жіберілетін болады, - дейді ұйымдастырушылар.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz