23.05.2017, 15:36
Оқылды: 45

БҚО-да ҰБТ-ға 3229 түлек қатысады

Brifing bilim  Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалы алаңында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының жүргізілуі туралы брифинг өтті.


   Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, ҰБТ облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Сырым аудандары орталығында және М. Өтемісов атындағы БҚМУ мен Жәңгірхан атындағы БҚАТУ-да барлығы 9 пунктте өтеді. Биыл облыста 4206 мектеп бітіруші болса, олардың 3229-ы тестілеуге қатысуға ниет білдірген.

   Жазғы демалыспен 1-10 сынып оқушыларының 92,2 пайызы қамтылады деп жоспарлануда. Осы мақсатта 351 мектеп жанындағы лагерь, тамақтануы ұйымдастырылмаған 228 демалыс алаңы құрылмақ. Шатырлы лагерьлер саны 22-ден 29-ға артады деп көзделуде. 4,5 мың оқушы республика мен облыс бойынша экспедицияларға шығып,  туристік саяхаттарымен қамтылмақ.  Астанадағы ЭКСПО көрмесін  6,5 мыңға жуық оқушы тамашаламақ.

   Брифинг соңында білім саласының мамандары журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале