29.05.2017, 19:49
Оқылды: 57

Темирлан Ихсанғалиев кәсіби шеберлігін тағы бір рет дәлелдеп алтын медальға ие болды

DVD 1 orin   Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған қоян-қолтық ұрыс бойынша өткен Х ашық турнирде Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің қызметкері Темірлан Ихсанғалиев кәсіби шеберлігін тағы бір рет дәлелдеп, жүлделі І орынды иеленді.


   Ағымдағы жылғы 27 мамыр күні Ақмола облысының Щучинск қаласындағы жарысқа ішкі істер министрлігі құқық қорғау жүйесінен, Ұлттық Ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, прокуратура, ҰҚК-ден ең мықты деген спортшылар ат салысты. Сондай-ақ, ТМД елдері қатарынан (Ресей, Белоруссия, Қырғызстан) құрметті спорт шеберлері де болды. Жалпы жарысқа 18 команда, 186-дан астам спортшы  қатысты.

   Бұл жарысқа Батыс Қазақстаннан қоян-қолтық ұрыс және әскери самбо бойынша әлемдік деңгейдегі спорт шебері, Еуропа чемпионы, Гвардия Кубогының чемпионы, әскери самбо бойынша Әлем жүлдегері, әскери самбо бойынша Әлем Кубогы кезеңінің екі дүркін чемпионы Темирлан Ихсангалиев те ат салысқан болатын.

   Батысқазақстандық тәртіп сақшысы Темірлан Ихсанғалиев 80 келі салмақ дәрежесімен қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

   Қазақ елінің даңқын шығарып жүрген Темірланды батысқазақстандық тәртіп сақшылары осынау жеңісімен құттықтай отырып, оған одан да биік белестерге жетуіне шын ықыластарын білдіреді.

БҚО ІІД-нің

  баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале