Ақсайда 21 жасар тұрғын 9-қабаттан секіріп кетті. Қайғылы оқиға 28 мамырда тіркелген.
Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, марқұм психоневрологиялық диспансерде есепте болған. Анасымен 10-шағынауданда тұрған. Аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Валентина БОНДАРЕНКО
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz