Теректі аудандық соты адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі К.Хамидуллинді екі жыл жарым мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған жүргізуші «УАЗ-390945» көлігімен Шымкент-Самара жолының 236-шақырымында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «ГАЗ А64r45-50» автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Соның салдарынан «УАЗ» автокөлігінде отырған жолаушы С.Қалиев сол күні облыстық клиникалық ауруханада көз жұмды. Отбасы асыраушысы мен отағасыдан айырылды. Оған қоса «ГАЗ» көлігіндегі тағы бір жолаушы ауыр жарақат алды.
Сот алдында К.Хамидуллин өз кінәсін мойындады. Дегенмен зардап шегушілер тарапынан кешірім болмағандықтан, екі жыл жарымға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Елжан Ералы
zhaikpress.kz