Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте мәлім болды.
- Биыл «Самрұқ-Қазына» АҚ мен «Самрұқ-Қазына» корпоративтік университеті 2017 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектерді «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады, - дейді «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Н.Жолдасқалиев.
Еліміз бойынша 20 түлек 22 ай ішінде еліміздің ірі компанияларынан тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан сәтті өткендер «Самрұқ-Қазына» АҚ құрамындағы компанияға жұмысқа орналаса алады және әрқайсысына жеке тұлғалық даму жоспары дайындалады.
Байқауға қатысу өтініш 2017 жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін www.skcu.kz/zhasorken сайтында онлайн тіркелу арқылы беріледі.
zhaikpress.kz