ҚР Ішкі істер органдары құрылғанына 25 жыл толды. Мерейлі датаға орай түрлі шаралар өтуде.
- Солардың бірі бүгінгі полицейлер арасындағы 2000 метрге көпшілік жүгіру. Ішкі істер қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау - шарамыздың басты мақсаты. Бүгінгі шараға 200-ден астам адам қатысып отыр, -дейді Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Наурызбай Ғұмаров.
Шара соңында белгілі болғандай мәре сызығын алғаш кескен Темірлан Тоқсымбаев І орын алса, ІІ және ІІІ орындарды Жәнібек Серіков пен Сәбит Төлеуов өзара бөлісіп, диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Одан бөлек 12 полиция қызметкеріне ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.
Темірболат Тоқмамбетов
zhaikpress.kz