Қаратөбе ауданында үшінші мәрте ұйымдастырылған жәрмеңкеге шалғай орналасқан Егіндікөл, Қоскөл және орталыққа жақын Жусандыой ауылдық округтерінің кәсіпкерлері келді.
Жағалай орналасқан сатушылардан ет, сүт өнімдерін, сондай-ақ базарға қарағанда 10-15 теңгеге арзан бағамен сатып алушылар аптадан-аптаға көбейе түскендігі осы жолы да байқалды.
Өзін Базарбаева Сәуле деп таныстырған сатушы тауарларының базар бағасынан арзан екендігін, жақсы өтіп жатқандығын айтып, ризашылығын білдірді. Тауар бағалары базардағы бағалармен салыстырғанда 10 % төмен бағамен ұсынылды. Мысалы, қой етінің келісі 1100 теңге болса, тары-талқан - 600тг, сүзбе – 500тг, сары май - 1800тг, қаймақ 1л - 1200тг, 500гр - 500тг, 260гр - 300тг, қымыз 1л - 500тг, қаймақ 1л - 1200тг, 500гр - 500тг, 260гр - 300тг, жұмыртқа 1 данасы - 30тг, құрт 1 данасы - 10тг, бисквит - 400тг, бәліш – 100тг.
Жәрмеңкеге келген кәсіпкерлер өз өнімдерін тез сатып, тағы да тапсырыс алды.
Айнұр Айнашова
«Қаратөбе өңірі»
zhaikpress.kz