15.06.2017, 10:40
Оқылды: 51

Облысымызда төрт мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Mektep bitirushiler 2017 01   Батыс Қазақстан облысында биыл 4414 түлек мектеп бітірсе, соның 1628-і Орал қаласындағы білім ордаларының үлесіне тиеді. Облыс орталығындағы Абай алаңында мектеп түлектерінің дәстүрлі шеруі болды.

    Қаладағы барлық мектеп түлектері ұстаздарымен бірге Достық даңғылымен жүріп өтті. Олардың қатарында болған «Алтын белгі», үздік аттестат иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Биыл қала бойынша 91 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.


   Мектеп түлектерін осынау қуанышты оқиғамен құттықтаған Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Елбасы тапсырмасына сәйкес Қазақстанда, соның ішінде өңірде білім беру саласына ұдайы көңіл бөлініп келе жатқанын жеткізді. Бұған дәлел - Батыс Қазақстанның өзінде биыл «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес сегіз жаңа мектеп салынуда. Күрделі жөнделіп жатқан білім нысандары да аз емес. Білім аламын деуші жастарға елімізде барлық жағдай жасалған. Олардың алды «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде оқыса, мамандығын дұрыс таңдап, ҰБТ-ны сәтті тапсырған түлектер білім беру гранттары арқылы кез келген ЖОО-ға түсе алады. Осының бәрі елдің болашағы - өскелең ұрпақ үшін жасалуда.

 Mektep bitirushiler 2017 02  Өңір басшысы халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарына ескерткіш сыйлықтар табыс етті. Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Мақсат Бекмағамбетов, Круглоозерный орта мектебіне Олег Сидоров және №41 мектеп-лицейден Артур Жамалиев өз сөздерінде өмірден өз орындарын тауып, ұстаздары мен ата-аналарының сенімін ақтауға бар күшін салатындықтарын білдірді.

    Мереке отшашумен тәмамдалды. Осындай шаралар облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылды

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале