15.06.2017, 13:14
Оқылды: 63

Тасқалада Абай алаңында түлектердің кеші өтті

Taskala tylekter akim   Тасқала аудан орталығындағы Абай алаңында 2017 жылғы мектеп бітіруші түлектерінің «Көкке самға, жас түлек!» атты мектеппен салтанатты қоштасу кеші өтті.

   Аталмыш кеште сөз алған аудан әкімі С.Әлиев 11 жыл бойы білім теңізінен нәр алып, мектеп атты ұлы білім ордасынан тәлім-тәрбие алған әрбір түлек үшін бұл сәт жаңа өмірдің бастамасы екенін айтып өтті.

    - Ауданымызда биыл 2477 оқушы мектеп бітірсе, соның 650-і «үздік» аттестат иегері. Сонымен қатар биыл 11 сыныпты 133 оқушы аяқтаса, оның 113-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Қортынды аттестаттау нәтижесі бойынша 13 түлек «Алтын белгі» белгісін ақтап шықты. 8 түлек «Үздік аттестат» иегері атанып отыр. Енді алда үлкен сынақ – ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Осы сыннан сүрінбей өтіп, қалаған мамандықтарыңыздың иесі болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.

   «Білімсіздің күні қаріп, білімдінің күні жарық» деген халық даналығы. Сондықтан да қай кезде терең білім алу жолында жан-жақты ізденіп, парасатты ұстанымды қалыптастырып, ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар. Өмір жолдарыңыз түзу, сәттілік серіктеріңіз болсын, - деді Санжар Жұматайұлы.

   Мұнан соң аудан басшысы түлектерге «Алтын белгі» белгісін тағып, ата-аналарына облыс әкімі А.Көлгіновтің атынан алғыс хат табыстады. Аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов «Үздік аттестат» иегерлерінің қолдарына аттестаттарын беріп, олардың да ата-аналарына аудан әкімі С.Әлиевтің атынан алғыс хат берді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале