15.06.2017, 14:24
Оқылды: 55

Теректіде 33 түлек «Алтын белгі» иегерлері атанды

Terekti altin belgi 01   Теректі ауданы әкімі Мұрат Мұқаев Мәдениет үйі залында «Алтын белгі» және «Ерекше аттестат» иегерлерімен кездесті. Аяқталған оқу жылында 307 оқушы мектеп бітіріп отыр. Соның 207-і үлкен сынақ – ҰБТ қатысуға тілек білдірген.


    Биыл  33 жас ең жоғары нәтиже – «Алтын белгі» иегері атанды. 8 түлек «Ерекше аттестат» алды қолына. Бұл ізденіс пен табандылықтың арқасында келген жеңіс. Аудан басшысы түлектерге оң сапар тілеп, білім сынағында сәттілік серік болсын деді. Емен-жарқын форматта өткен кездесу барысында түлектер де сөз тізгінін алып, мектеп директорлары шәкірттерін құттықтады.

   Осы жылы ауданымыз рекорд жасаудан үмітті. Бақандай 33 түлек «Алтын белгі» иегерлері атанып отыр.

 Орталық алаңда өткен түлектер кеші осындай жәйттермен есте қалары анық. Бұл кеште аудан әкімі М.Мұқаевтың құттықтауы, «Алтын белгі» және «Ерекше аттестат» иегерлерін марапаттау болды. Бұл кештен әсем ән мен тәтті тілектер де қалыс қалмады. Үздік атанғандардың ата-аналары һәм 11 жыл бойы балаға білім нәрін сепкен ұстаздар қауымы да құрметке ие болды.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале