20.06.2017, 11:49
Оқылды: 54

Қос ауылдық округтің жәрмеңкесі

 Karatobe jarmenke kos auil  Апта сайын орталық базарға барған аудан тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдерін ауылдық округтерден келген сатушылар қолжетімді бағамен тұрғындарға ұсынып келеді.

      Бүгінде Қаракөл, Қаратөбе ауылдық округтерінің сүт өнімдері, ет, үйрек еті, тары-талқан өнімдері сатылды.


   Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мұрындық болуымен аталмыш өткен жәрмеңке ауылдық окрутерден келген өнімдер өңірлік ауыл шаруашылығын дамытуды, отандық өнімді қолдауды мақсат етеді.

    Атап айтқанда, тары-талқан 700, қой еті – 1200, үйрек еті – 3000, сары май – 2000, айран 1,5 литр – 250, қайнатылған құрт – 1200, сүзбе – 500, жұмыртқа – 50, қызылша – 150 теңгеден ұсынылды.

    Қос ауылдық округтердің табиғи өнімдер арзан бағамен сатып алып қарық болған аудан тұрғындары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырушыларға және өз өнімдерін сатушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале