Ел саясатында бақуатты тұрмысты қамтамасыз ету - басты мақсат. Халық игілігі үшін көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.
Солардың бірі - елді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы. Дәл осы бағдарлама аясында Зеленов ауданы Ақжол елді мекеніне сапалы ауыз су барды.
Жалпы құны 11 млн. 610 мың теңгені құраған жоба жұмысымен «Нира» ЖШС айналысқан. Екі ай уақыттың ішінде 3,4 шақырым су құбыры жүргізіліп, 28 аулаға су тартылды. Елді мекен халқы ауыз судың азабынан құтылды. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Динара НАСЫР,
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz